+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Күшті жел, найзағайлы жаңбыр, бұршақ - сәрсенбіге арналған ауа райы

2021 жылғы 10 маусым 00:23
Бөлісіңіз:
Күшті жел, найзағайлы жаңбыр, бұршақ  - сәрсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктердің болжауынша, сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындар салдарынан ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн райы қандай болады Шілденің соңғы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады Дауылдан зардап шеккен Степноргорск ауылдарында ТЖ режимі енгізілуі мүмкін

10 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста, орталықта кей жерлерде нөсер жауады. Кей жерлерде дауыл соғып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, дауыл соғады, бұршақ жауады, жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл соғады, жел күшейіп, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауады, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауады, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл соғуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жауады, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Жамбыл облысының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT