Күшті жел Қарағанды облысында бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Қарағанды академиясы казармасы шатырының 700 шаршы метр аумағын қатты жел ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 шілдеде қатты желдің салдарынан Б. С. Бейсенов атындағы Қарағандыда ҚР ІІМ Қарағанды академиясының казармасы ғимаратының шатыры ұшып кетті.

Зақым келген аумақ - 700 шаршы метр.

Айта кету керек, бір ай бұрын дәл осы оқу орнында осындай төтенше жағдай болған еді.

Сонымен қатар, дауылды жел Теміртау қаласындағы ғимараттардың да шатырын жұлып алды.

«Қатты желдің салдарынан Панфилов көшесіндегі 50 шаршы метр алаңдағы екі қабатты тұрғын үйдің, Тищенко көшесіндегі 150 шаршы метр алаңдағы бес қабатты көпфункционалды ғимараттың шатыры бұзылды, шатыр құрылымы құлады. Салдарынан Қарағанды индустриялық университетінің көршілес жатақхана ғимаратының 10 терезе блоктары зақымданды. Республика даңғылындағы екі қабатты мешіт ғимаратының 250 шаршы метр төбесі зақымданды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

Кешегі жел Бұқар жырау ауданына да зардап әкелді. Ақтөбе ауылында 300 шаршы метр аумақта екі қабатты жалпы білім беретін мектеп ғимаратының шатыры бұзылды.

Ал Ботақара кентінде екі қабатты тұрғын үй мен жалпы білім беретін мектептің спортзал ғимараты зардап шекті.

Жоғарыда аталған барлық жағдайларда зардап шеккендер жоқ. Бірақ жол апатының салдарынан кеше 65 жастағы ер адам зақым алды.

Ол «Қарағанды-Астана» тасжолымен жүретін рейстік автобустың салонында болған. Жолаушылар көлігі қатты желдің әсерінен аударылып қалған.

21 шілдеде Қарағанды облысында найзағай мен желдің күшеюіне байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар