Күшті жел, қар аралас жаңбыр - жексенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 қазанда Қазақстанның солтүстік бөлігінде циклон және сонымен ілесе келген атмосфералық ағындардың салдарынан ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің қалған өңірлерінде орталығы Қарағанды облысында орналасқан антициклон әсерінен ашық, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшейіп, жылдамдығы 15-23 м/с жетеді. Ақмола, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.

Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде 1 градус үсік жүреді.


Соңғы жаңалықтар