Күшті дауыл: Жамбылда тұрғындар жарықсыз және көгілдір отынсыз отыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында шаңды дауылдан кейін бірқатар аудандар жарықсыз және көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Жамбыл облысындағы қатты дауыл қалалық инфрақұрылымға айтарлықтай зардап тигізгенін жазған болатынбыз.

Кеше кешке желдің секундына 30 метр жылдамдықпен соғатыны туралы ескерту жарияланған.

Әлеуметтік желілерде Тараздағы №47 мектептің қасында оқушылардың үстіне ағаш құлағаны туралы хабарланды.


Қазіргі таңда дауылдың салдарынан «Солнечный» кенті, Арай, Бурыл, Қарасай, Барысхан алқабтары, Сабалақов, Бейбітшілік, Чернышева, Асқаров көшесінің аяғы, шалғай Қарасу, Шөлдала, 28 саяжай, Қойгелді, Қазыбек би, Қонаев, Байзақ батыр, Комратова, 1, 2, 11, 4 мөлтек аудандар, Химпоселок, қан орталығы, қалалық аурухана маңы, 5 емхана, Ниетқалиев көшесінің аяқ жағындағы үйлер электр энергиясынан ажыратылды.

Тараз қалалық электр желілері кәсіпорндының 22 бригадасы осы апатты жою жұмысына жұмылдырылған.

Одан бөлек, қатты желден елдімекендердегі үйлердің қоршауы құлап, ағаштар сынып жатыр. Дауыл құлатқан ағаштар көшедегі газ құбырларына зақым келтірді.

Апатты жағдай болмас үшін газ қызметкерлері зақымданған құбырларға газ беруді тоқтатып жатыр. Желдің салдарынан газ құбырларына ағаш, үй қоршаулары мен шатырлары құлаған.

Сағат 12.00-ге дейін Тараз қаласында газ құбырын құлатқан 25 оқиға, Жамбыл ауданында 16 оқиға, Жуалы мен Байзақ аудандарында газ құбырына ағаш құлау салдарынан газдан ажыратудың бір-бір оқиғасы тіркелді.

Апат орын алған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу әзірге мүмкін емес.

Желдің күші саябырлаған соң ғана газ мамандары құлаған құбырларды қалпына келтіріп, газ берумен айналысады.


Соңғы жаңалықтар