#КүшімізБірлікте: Алаш баласы үшін қиын сын-сағаттар туып тұр - Нұртөре Жүсіп

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алаш баласы үшін қиын сын-сағаттар туып тұр. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ үшін, жалпы Алаш баласы үшін өте бір қиын күндер, қиын сын-сағаттар туып тұр. Абай атамыздың «қайғы келсе қарсы тұр, оңғаққа ерме» деген сөзі бар. Оңғаққа ерудің аяғы не болғанын халқымыздың бәрі көріп отыр. Сондықтан ең қымбат Тәуелсіздіктен айырылып қалмау - басты мақсат болу керек. Есті жию керек, елдіктен айырылмау керек. Сондықтан да барша ағайынға айтар сөз – Тәуелсіздігіміз, азаттығымыз, мемлекеттігіміз - ең басты құндылық. Мемлекет болмаса біз кімбіз? Мемлекет болмаса біз құлмыз. Осыны ұғыну керек деп айтқым келеді. Өте ауыр жағдай. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын. Халқымызға топтасу, бірлік, ынтымақ, ырыс, бақыттың қадірін білу, бардың қадірін білу қажет деп есептеймін. Аман болайық», - деді сенатор.


Соңғы жаңалықтар