Күшіміз бірлікте: ҚазҰУ студенттері Президенттің заңды шешімдерін қолдайды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері ҚР Президентінің заңды шешімдерін қолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет естіді және жедел түрде бірқатар мәселені шешіп те үлгерді. Қазақстан азаматтары бүгінгі күннің өзекті деген проблемаларын бірлесе отырып шешуі керек. Барлығымыз тыныштықта, бейбіт өмір сүргіміз келеді. Бізге заң мен тәртіп керек. Мен Қазақстандағы заңсыз әрекеттердің салдарынан қаза тапқан құқық қорғау қызметкерлерінің отбасына және осы әрекеттің салдарынан кездейсоқ мерт болған азаматтарға көңіл айтамын. Жағдай осылай болды»,-деді ҚазҰУ журналистика факультетінің профессоры Ләйлә Ахметова.

Ғалымның сөзінше, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы қатал, алайда өте орынды болды.

«Соңғы күндері елде болған қайғылы жағдай халықты ерекше үрейлендірді. Мұндай жағдай енді қайталанбауы тиіс. Университеттің студенттері мен оқытушылары Президенттің заңды, дұрыс шешіміне қолдау білдіреді»,-деді Ләйлә Ахметова.


Соңғы жаңалықтар