Күшіміз бірлікте: Елордада 500-ге жуық ерікті ғимараттар мен әлеуметтік нысандарды қарауылдап тұр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда ерікті азаматтар қаладағы қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қарапайым қала тұрғындары тәртіп сақшыларымен бірге астаналықтардың тыныштығын күзетуде. Олар әкімшілік ғимараттар мен әлеуметтік маңызды нысандарды бұзақылардан қарауылдап тұр.

Еріктілердің қатарында спортшылар, кәсіпкерлер, ұстаздар, дәрігерлер мен волонтерлер бар. Барлығы 500-ге жуық.

«Біз қала тыныштығын күзету үшін өз еркімізбен шықтық. Осындай қиын сәтте бәріміз бірлікке келіп, бір-бірімізге көмектескеніміз дұрыс. Бәріміздің отбасымыз бар, баламыз бар. Біз солардың ертеңін ойлауымыз керек. Патриот болайық, ел тыныштығын бірігіп қорғайық», - дейді елорда тұрғыны.

Сондай-ақ, жиналғандар бұзақылық пен лаңкестікке қарсы екендіктерін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар