Күшіміз бірлікте: Елдің амандығы, ертеңгі күнге деген сенімнен артық ештеңе жоқ - ҚазҰУ факультет деканы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдің амандығы, бүгінгі және ертеңгі күнге деген сенімнен, тыныштықтан артық ешнәрсе жоқ.

Бұл туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған үндеуіне қатысты пікір білдірген ҚазҰУ тарих факультетінің деканы Медігүл Ноғайбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде болған тәртіпсіздіктерге бәріміздің көңіліміз қатты алаңдаулы. Барша халықтың амандығын тілеп отырмыз. Елдің амандығы, бүгінгі және ертеңгі күнге деген сенімнен, тыныштықтан артық ештеңе жоқ. Әрқайсымыз осындай сын сағатта сабырмен, бар күш-жігерімізбен, Президенттің, заңды үкіметтің жанынан табылуға тиіспіз. Себебі біз тәуелсіз, бейбіт, елде өмір сүріп, жұмыс істеп, ұл-қыздарымызды өсіріп, алаңсыз ғұмыр кешуді ғана тілейміз. Кісі өліміне апарып соққан лаңкестік, зорлық пен қысымның қандай болмасын көрінісіне қарсымыз. Ел бірлігі сыналып тұрған сын сағатта ауызбіршілік танытып, Отанымыз Қазақстанның болашағы үшін бәрміз бірге болуымыз шарт. Барша қазақ елінің ертеңіне қауіп төндірген арандатушылардың әркетін қатаң айыптаймыз»,-деді. Меңдігүл Ноғайбаева.


Соңғы жаңалықтар