#Күшіміз бірлікте: Ел ішіндегі бүлікті тек бірлік арқылы ғана жеңе аламыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы оқиғаларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасаған үндеуі халық көңіліне үлкен сенім ұялатты. Үндеуде айтылған шешімдердің барлығы наұқты шаралар ретінде іске асуы тиіс деп есептейміз. Бұндай пікірді Нұр-Сұлтан қаласы білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ерғазы Манапұлы білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің әр өңірінде қымбатшылыққа қарсы басталып, бейбіт шеруге ұласқан митиңгті жат пиғылды арандатушылар, кейіннен белгілі болғандай, лаңкес содырлар өз мақсатына пайдаланып, халықты әбігерге салды. Ел үрейленді. Аймақтарда, әсіресе Алматыда орын алған бассыздықтардың кесірінен бейбіт халық зардап шекті. Әлі де шегуде. Көптеген әкімшілік, полиция ғимараттары өртеніп, сауда орындары мен банктер тоналды. Осындай қиын сәтте халықтың амандығына кепіл болған Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде қажетті шешім қабылдады. Ел амандығы үшін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің бітімгерлік әскерін енгізу өте дұрыс шешім болды», - дейді Е. Манапұлы.

«Алдын ала дайындалған лаңкестер оң-солын танымаған жастарды еліктіріп, соңдарынан ертіп, тәртіп сақшыларына қарсы айдап салды. Лаңкестер жас сарбаздарды өлтіріп қана қоймай, тіпті адам шошырлық әрекеттерге барғанын естідік. Бұл нағыз қара жүрек жауыздың ғана қолынан келетін іс. Ондайлардың көздегені мемлекетті төңкеріп, тәуелсіздікті тұғырынан тайдыру. Әр ата-ана баласын қадағалап, сақтану шараларын қолға алса екен. Осындай сын сағатта елмен бірге болып, бейбіт халықтың өміріне кепіл болған Президенттің шешімдерін қолдауымыз керек. Осыған орай, халықты сабырға шақырып, билік тарапынан жасалып жатқан барлық іс-шараларға түсіністікпен қарап, қолдау білдіреміз. Ел ішіне ойран салған зобалаңды тек бірлік пен ынтымақ арқылы ғана жеңе аламыз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар