+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Күш салсақ, көкпарды Олимпиада ойындарына енгізуге болады - Қайрат Сатыбалды

2019 жылғы 14 ақпан 16:33
Бөлісіңіз:
Күш салсақ, көкпарды Олимпиада ойындарына енгізуге болады - Қайрат Сатыбалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада әлемнің 10 елінің Ұлттық спорт федерация басшыларының қатысуымен Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес отырысында сөз сөйлеген ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды ұлттық спорт түрлерін дамыту - бірегейлігіміз бен тарихи және мәдени ерекшелігімізді әйгілейтінін атап өтті.

«Ұлттық спортты дамыту арқылы ұлттық кодымызды сақтаймыз. Адамдар, елдер арасындағы достық қарым-қатынас, мәдени байланыс халықтарымызды жақындата түседі. Өткен жылдың қыркүйек айында ЮНЕСКО мен дәстүрлі спорт комитетінің кеңес отырысында 130 елдің өкілдері жиналып, Қазақстан елордасы - Астана қаласында этноспорттан тұңғыш рет әлемдік ойындарды өткізу туралы шешім қабылданған еді. Сонымен бірге, Қазақстанда тағы біршама халықаралық чемпионаттар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, аударыспақ пен теңге ілуден, құсбегіліктен Азия чемпионаты, жамбы атудан халықаралық чемпионат өтті. Осының бәрі де - біздің бірлесе атқарған жұмысымыздың арқасы», - деді Қайрат Сабыталды.

Оның айтуынша, көкпар ойынын көршілес елдер әрқалай атайды.

«Десе де, көкпар бәрімізге ортақ. Оның тек ережелері бойынша аздаған айырмашылық бар. Бүгінгі жиын көкпарды дамыту жұмысына қосымша серпін береді деген сенімдемін. Біз біріге отырып, көкпарды әлемдегі танымал спорт түріне айналдыра аламыз. Осыған дейін айтылғандай, күш салсақ көкпарды Азия ойындарының, Олимпиада ойындарының құрамына енгізуге болады», - деді Қайрат Сатыбалды.

Айта кетсек, елордадағы Ұлттық музейде әлемнің 10 елінің Ұлттық спорт федерация басшыларының қатысуымен Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесі өтіп жатыр. Кеңесте қауымдастыққа жаңа мүшелер қабылданып, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру тәртібі қаралуда. Жиында көкпардың халықаралық ережелері талқыланды.

Кеңеске Қазақстан, Мажарстан, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Моңғолия, Қырғыз Республикасы, Ресей ұлттық федерациясының өкілдері қатысуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Ұлттық бренд,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT