Құс тұмауының өршуінен АҚШ-та құс өлімі рекордтық деңгейге жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Індет АҚШ-та Алғыс айту күнінде дәстүрлі тағам саналатын жұмыртқа мен күркетауық етінің қымбаттауына әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Америка дауысы» агенттігіне сілтеме жасап.

Биылғы жылы АҚШ-та құс тұмауынан 50,54 миллион құс қырылды. АҚШ-тың Ауыл шарушылығы министрлігінің деректері бойынша бұл ел тарихындағы ең қауіпті індет болды. Тауықтардың, күркетауықтардың және басқа құстардың өлімі бүгінгі күнге дейін жануарлардың денсаулығына қатысты ең жойқын апат болды, бұл құс тұмауының өршуі кезінде 2015 жылы 50,5 миллион құс өлген алдыңғы рекордты жаңартты.

Инфекция көбінесе құстардың өліміне әкеледі. Бір құстың сынамасы оң нәтиже бергеннен кейін құс фабрикалары аурудың таралуын болдырмау үшін миллиондаған құсты өлтіреді.
Құстардың қырылуы жұмыртқа мен күркетауық еті бағасының рекордтық өсуіне әкеліп соқты, бұл жоғары инфляцияға тап болған тұтынушылардың экономикалық мәселелерін күшейтті және АҚШ-та Алғыс айту күніне арналған негізгі тағамның құнын көтерді.
Бұған дейін Жапонияда құс тұмауының өршуіне байланысты 1,5 миллионнан астам тауық сойылатыны хабарланған болатын.
Фото: AP
Соңғы жаңалықтар