Құс тұмауынан зардап шеккендерге өтемақы толық төленді – АШМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Аауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жоғарғы патогенді құс тұмауынан өлген құстар үшін өтемақыны толық төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметіне сенсек, өткен жылдың тамыз және қыркүйек айларында еліміздің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресейдің кей аймақтарынан Қазақстанға тірі құс пен құс шаруашылығы өнімдерін алып келуге және олардың транзитіне уақытша шектеу енгізген.

Бірақ АШМ тарапынан жасалған жедел шараларға қарамастан жоғарғы патогенді құс тұмауы еліміздің 8 облысына жабайы құстар арқылы тараған болатын.

Эпизоотияға қарсы іс-шаралардың аяқталуына және құстардың өлім-жітімінің жаңа жағдайларының тіркелмеуіне байланысты қазіргі уақытта осы өңірлерде карантин алынып тасталды.

Ауру ошақтарын оқшаулау және жою барысында 1,9 млн құс жойылды, оның 97% - 4 құс фабрикасына тиесілі.

2020 жылдың желтоқсанында ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ орташа айлық нарықтық құны бойынша індеттің кесірінен өлген құс иелеріне өтемақы төлеу жұмыстарын жүргізді.

Ветеринариялық-санитариялық қағидаларға сәйкес тәркіленген және жойылған құстардың құнын өтеу «жоғарғы патогенді құс тұмауы» індетінен өлгенін растайтын құжаттар негізінде атқарылды. Олар болмаған жағдайда төлем жүргізілмейді.

Барлық ұсынылған құжаттар бойынша төлем толық көлемде жүргізілді.

Атап айтқанда, жеке қосалқы шаруашылықтарына 94 470 бас үшін 295,3 млн. теңге төленді. «Агроинтерптица» ЖШС 433 066 құс үшін 445,9 млн теңге төленді.

Бүгінгі таңда «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ-де төленбеген қарыз жоқ.


Соңғы жаңалықтар