Құс тұмауына қатысты жағдай тұрақтанды – Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин өңірлерде тыңайтқыштарды пайдалану көлемін ұлғайтуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігі ветеринариялық және фитосанитариялық жағдаймен тікелей байланысты. Бұл маңызы үлкен мәселе. Мемлекет осы бағытты дамытуға аса назар бөлуде. Халықаралық эпизиотикалық бюроның деректеріне сәйкес, Қазақстанның бірқатар ауру түрлері бойынша қауіпсіз ел деген ресми халықаралық мәртебесі бар. Дегенмен кейбір өңірлерде құс тұмауының пайда болуы - бақылаушы органдардың, оның ішінде жедел шаралар қабылдау жөніндегі қызметінде бірқатар кемшіліктерінің бар екенін көрсетті. Бүгінгі таңда құс тұмауына қатысты жағдай тұрақтанды және бақылауда», - деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.

Осы орайда А. Мамин жағдайға мониторинг жүргізуді жалғастырып, қажет болған кезде алдын алу шараларын жедел қабылдау керектігін тапсырды.

«Фитосанитария саласында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Аса қауіпті зиянкестер мен арамшөптерге қарсы уақтылы қабылданған қорғау іс-шаралары ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктеріне зиян келтірмеуге мүмкіндік берді. Биылдан бастап пестицидтерді қолдануға субсидия беру механизмі іске қосылды. Әкімдіктер осы мәселені ерекше бақылауда ұстасын және тыңайтқыштарды қолдануды ұлғайтуды қамтамасыз етсін. Тиісті мемлекеттік қолдау шаралары көзделген», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар