+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Құс тұмауына байланысты Ақмоланың бес ауданында карантин жарияланды

2020 жылғы 25 қыркүйек 18:21
Бөлісіңіз:
Құс тұмауына байланысты Ақмоланың бес ауданында карантин жарияланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының тағы бес ауданында құс тұмауы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құс тұмауы салдарын жою, ветеринария мамандарына грант: Үкімет шешімі қандай Шығыс Қазақстанда құс тұмауы тіркелді Құс тұмауы салдарынан шығынды өтеуге қосымша қаражат керек - Сапархан Омаров

Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жүнісовтың айтуынша, өңірдің бес ауданында құс тұмауы расталды. Бұл - Астрахан (Старый Колутон), Бұланды (Вознесенское және Никольское ауылдары), Атбасар Қосбармақ ауылы), Егіндікөл және (Спиридоновка және Абай ауылдары), Зеренді аудандары (Қарлыкөл ауылы).

«Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша бұл елді-мекендерде құс тұмау расталды. Карантин міндетті тұрде жарияланады, алайда, бұл әп сәтте қолға алынатын шаруа емес. Әр ауданның бас мемлекеттік инспекторлары ауылдық округ әкімдерінің атына ұсыныс жасаулары керек. Ол тіркеліп, кейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы карантин енгізіп, оны өткізу үшін қаражат бөледі. Жалпы, бүгінгі күні бізде 11 ауданда 1104 құстың өлгені тіркелді», - дейді Талғат Жүнісов.

Бұдан бөлек, Шортанды ауданындағы Бектау ауылында, Целиноград ауданындағы Жарлыкөл ауылында, Сандықтау ауданындағы Жыланды ауылында, Жақсы ауданындағы Қалмакөл және Новокиенка ауылдарында, сондай-ақ, Ақкөл ауданында шамалы құстың өлгені анықталды. Бұл аудандарда құстың қырылу себебі анықталады.

Айта кетсек, осыған дейін Ақмола облысының Жарқайың ауданындағы Шойындыкөл ауылында үй құстары қырылып, ауылға шектеу шаралары енгізілген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT