24.02.2023 18:27 Камбоджада 11 жасар қыз құс тұмауынан қайтыс болды ПНОМПЕН. ҚазАқпарат – Камбоджада 11 жасар қыз соңғы тоғыз жылда адамдар арасында таралған құс тұмауынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.
24.12.2022 11:01 Үй құстары арасында құс тұмауы тіркелген жоқ - комитет АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда республикада үй құстары арасындағы құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты. Бұл жайында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мәлімдеді.
24.12.2022 09:11 Маңғыстауда аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болған АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.08.2022 15:55 Джорджия қорығында құс тұмауынан жүздеген жабайы құс қырылды ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Джорджия штатында «Нұқ кемесі» қорығында құс тұмауынан 700 жабайы қара жұртшы құс қырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.
02.07.2022 18:53 Атырау облысында құс тұмауының тіркелуіне байланысты үй құстарын егуге 6,2 мың доза вакцина бөлінді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құс тұмауына қарсы шұғыл шаралар қабылдау мақсатында қауіпті аймақтардағы құстарды егуге 6 291 доза вакцина бөлінді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.05.2022 13:10 СҚО-да 2020 жылғы құс тұмауынан кейін фабрикалар халыққа 960 млн теңге өтемақы төледі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 2020 жылғы құс тұмауынан кейін фабрикалар халыққа 960 млн теңге өтемақы төледі.
18.02.2022 11:51 Үндістанда құс тұмауы салдарынан 25 мыңнан астам құс сойылады НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Үндістанның батысындағы Махараштра штатында жоғары патогенді H5N1 құс тұмауы вирусының өршуі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.
01.02.2022 23:07 Нидерландыда құс тұмауы анықталды, 160 мыңнан астам тауық жойылмақ ГААГА. ҚазАқпарат - Нидерланд билігі фермада құс тұмауының өте жұқпалы штамын анықтады. 168 мыңға жуық тауық сойылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігне сілтеме жасап.
04.12.2021 09:42 Жапонияда құс тұмауы шықты: 67 мың тауық жойылды ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кумамото префектурасының билігі жергілікті фермада құс тұмауының ошағы анықталғаннан кейін шамамен 67 мың тауықты сойды. Бұл туралы ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
03.12.2021 05:48 СҚО-да биыл 1,8 млн малға екпе егілді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 1 млн 824 мың жануарға және 3 млн 200 мың құсқа екпе егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29.11.2021 18:21 Ақтөбеде құс қырылып жатыр: Ветеринарлар жағдайды түсіндірді АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Шәмші Қалдаяқов ауылында тауық қырылды. Ветеринарлар сынама алып, оны Нұр-Сұлтан қаласына жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.11.2021 17:01 СҚО-да құс тұмауы анықталған елді мекеннен карантин алынды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы анықталған Лебяжье елді мекенінен ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты карантин алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.11.2021 11:27 Оңтүстік Кореяда құс тұмауының ошағы анықталды СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда жабайы құстар арасында құс тұмауының ошағы анықталды. Бұл жағдай елдегі құс фабрикаларына індет жұқтыру қаупін тудырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.
25.10.2021 20:20 Солтүстік Қазақстанда тағы құс тұмауы тіркелді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тағы да құс тұмауы тіркелді. Бұл жолы Тимирязев ауданының Дружба елді мекенінде екі жүзден астам үй құсы қырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.10.2021 18:02 Құс тұмауы: Павлодар облысында тағы бір ауылда карантин енгізілді ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының тағы бір ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді.Инфекция ошағында 20 үй құсының көзі жойылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
12.10.2021 18:17 СҚО-да құс тұмауына байланысты 2 мыңнан астам үй құсы алынып, жойылды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Лебяжье елді мекенінде құс тұмауының анықталуына байланысты 2 мыңнан астам құс тұрғындардан алынып, жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.10.2021 23:38 Тереңкөл ауданында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді - Павлодар облысы ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Республикалық эпизоотияға қарсы топтың мамандары Тереңкөл ауданында құс тұмауының шығуына байланысты инфекцияның таралуын болдырмау үшін жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
28.09.2021 19:53 СҚО-да құс тұмауы табылған ауылдағы эпизоотиялық жағдай АШМ бақылауында ЛЕБЯЖЬЕ. ҚазАқпарат - ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев бастаған республикалық комиссия Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылына барып, құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында жасалып жатқан кешенді шаралардың барысын тексерді. Бұл жайында министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
28.09.2021 17:51 СҚО-да құс тұмауы табылған ауылда барлық құс жойылатын болды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының таралуына жол бермеу үшін ауру ошағындағы барлық құс жойылмақ, ал оның иелеріне өтемақы төленетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.07.2021 17:15 Ресейде құс тұмауының өршуіне байланысты СҚО-да алдын алу жұмыстарын жүргізіліп жатыр ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Ресейдің шекаралас өңірлерінде құс тұмауының белең алуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында аурудың алдын алуға бағытталған жұмыстар қызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.