+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Құс тұмауы: Шаруа иелеріне өтемақы қалай беріледі

2020 жылғы 21 қыркүйек 17:04
Бөлісіңіз:
Құс тұмауы: Шаруа иелеріне өтемақы қалай беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева құс тұмауынан шығынға батқан шаруа иесінің өтемақы алу тәртібін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Гүлмира Исаева ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

«Өтемақы алу тәртібі қарапайым: құсы қырылған шаруа иесі банктердің бірінен жеке шот ашады. Ал сол шаруа иесі тұратын аудан әкімдігінің ветеринарлық қызметі қырылған құстардың утилизациялық актісін береді. Осыдан кейін әкімдіктердің жанынан құрылған арнайы комиссия әр аймақ бойынша үй құсының (тауықтың немесе қаздың, үйректің) орташа бағасын шығарады. Осылайша, Эпизоотияға қарсы республикалық отряд тиісті мәліметтерді жинайды: мәселен жеке шаруа иесінің 10 бас құсы қырылса, онда сол аймақта белгіленген құстың орташа бағасы осы 10 құсқа көбейтіліп, шыққан сома үш күннің ішінде шаруа иесінің шотына түседі», - деді вице-министр бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Гүлмира Исаева құс тұмауынан шығынға батқан шаруа иелеріне мемлекеттен 400 млн теңге бөлінетінін мәлім еткен еді. Құс тұмауы Қазақстанның 5 өңірінде тіркеліп отыр. Вице-министр індеттің ел аумағында өршу себебін де атады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT