Құс тұмауы: Шаруа иелеріне мемлекеттен 400 млн теңге бөлінеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева құс тұмауынан шығынға батқан шаруа иелеріне мемлекеттен 400 млн теңге бөлінетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпизоотияға қарсы республикалық отряд қырылған құс үшін өтемақы төлейтін ресми ұйым саналады. Жыл бойы әкімдіктерде қырылған мал мен құстың нарықтағы құнын айқындап беретін арнайы комиссиялар жұмыс істейді. Әкімдіктердің шешіміне сәйкес эпизоотияға қарсы республикалық отряд аймақтың ветеринарлық қызметінен керекті материалдардың бәрін алып, құсы қырылған әрбір шаруа иесінің шотына өтемақы аударады. Егер құжаттардың бәрі дұрыс болса, өтемақы үш күннің ішінде түсуі керек. Бүгінгі таңда отрядта 390 млн теңге жинақталған. Осы сома жеке шаруашылықта бағылған және құс тұмауынан қырылған құстардың бағасының айқындалуымен өтемақы ретінде беріледі», - деді Гүлмира Исаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала, кетсек бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Қазақстанның бес облысында құс тұмауы тіркелгенін мәлім еткен еді.


Соңғы жаңалықтар