+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Құс тұмауы: Қостанай облысының үш ауылы карантинге жабылды

2020 жылғы 24 қыркүйек 11:30
Бөлісіңіз:
Құс тұмауы: Қостанай облысының үш ауылы карантинге жабылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының үш ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді. Оны облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиев растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда құс тұмауы тіркелді Құс тұмауы салдарынан шығынды өтеуге қосымша қаражат керек - Сапархан Омаров Құс тұмауына қатысты жағдай тұрақтанды – Асқар Мамин

«Сарыкөл ауданының Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданының Сокол және Меңдіқара ауданының Красная Пресня ауылдары 21 күнге карантинге жабылды. Бұл ауылдарда құс тұмауы тіркелді. Барлығы 400-ге жуық құс қырылып қалды. Өлген құстардың бәрі арнайы орындарда өртеледі. Қазір мамандар тиісті шаралар жүргізіп жатыр. Ірі құс фабрикаларындағы жағдай бойынша ресми хабар береміз», - дейді басқарма басшысы.

Жалпы, облыста жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 21 мың дана вакцина алынған. Егу жұмыстары басталып кетті.

Бізге белгілі мәлімет бойынша Арқалық құс фабрикасында да жүздеген тауық өртелген. Қазір өңірде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішевтің айтуынша, мамандар аумақтағы өзен-көлдердің айналасын да тексеріп шыққан.

Фото: Сергей Миронов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT