Құс тұмауы: Арқалық қаласындағы Родина ауылы карантинге жабылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Арқалық қаласында құс фабрикасындағы жағдайға байланысты Родина ауылы карантинг жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Облыстық ветеринария басқармасына сілтеме жасап.

Бұған дейін Арқалық қаласындағы құс фабрикасында 300 мыңға жуық құс қырылып қалғанын жазған едік. Соған байланысты фабрика орналасқан Родина ауылында да карантин жарияланды. Қазір құс фабрикасындағы өлген құстар өртеліп, дезинфекциялау жұмысы жүріп жатыр. Родина ауылының шекарасына тосқауыл бекеті қойылды. Кірген-шыққан тұрғындар қадағалауға алынып, жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмысы жүріп жатыр. Карантин аймағынан құс еті мен жұмыртқа алып шығуға тыйым салынды.

Қазір қаладағы «Агроинтерқұс» фабрикасында 500 мыңның үстінде құс бар. Мұндағы қырылған құстарды өртеу, дезинфекциялау барысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты аумақтық инспекцияның бақылауымен жүргізілуде. Бұл жұмыстарды Қостанай облысында орналасқан республикалық эпизотиялық отрядтың филиалы атқарып жатыр.


Соңғы жаңалықтар