Құс өсіретін ақтөбелік арманын бизнеске айналдырды

None
None
  АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбелік кәсіпкер Самат Есетов қымбат құстарды асырап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Алға ауданындағы кәсіпкер 4 мыңнан астам құс бағып отыр. Тауыс, қырғауыл, түрлі көгершінді әкеліп, сұранысқа сай сатады.

«Бажа» шаруа қожалығы бұрын ірі қара мал бақты. Қазір құс шаруашылығын да қоса дамытуда. Мәселен, ондағы холмогор қазы қазір 3 мың басқа жетті. Сонымен қатар, 5 қырғауыл бар. Күркетауық, брама тауығы, көгершіндер мен цезарка саны өсіп келеді. Жібек мамықты тауық та бар.

Кәсіпкер құс шаруашылығына өзі бала күнінен қызыққан екен.

«Оның шаруашылығындағы күркетауықтың жұбы 300 мың теңге тұрады. Ол құстарды Ақтөбе қаласындағы мейрамханаларға, Челябі мен Шымкентке сатады»,- деді Алға аудандық ауыл шаруалығы бөлімінің басшысы Қайрат Мусин.

Айта кетерлігі, «Бажа» шаруашылығындағы құстарды 4 адам бағады. Құстарға дәрумен және түрлі дәнді дақыл береді.

«Мен 1 сыныптан бастап көгершін өсіріп жүрмін. Кейін құс бағу қабілетім бизнеске айналды. Қаз, үйрекке басымдық беріп, әдемі, сирек кездесетін құстарды бағамын. Күркетауықты Ташкенттен әкеліп, Ақтөбенің климатына үйреттім. Тұрақтамады, бірақ қайта-қайта сатып алып, өз жеріміздің қыс мезгіліне тұрақтады. Қазір қыстың аязына да шыдайды»,- деді кәсіпкер Самат Есетов.

Ол түрлі құс өсіру - бұл бизнес ғана емес, хобби деп есептейді. Құсты баптауды жетік меңгеріп, балапан кездегі күтіміне ерекше назар аударады.

«Қаз-үйректі күзде сатамыз. Құс етіне арнайы сұраныс бар. Біз ірі қара, ұсақ малды да бағамыз. Қос шаруашылықтың өз қиындығы болғанымен, құс өсіру менің жаныма жақын»,- деді ол. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар