Күрзі жұдырықты Уәлихан Бисенқұлов титулдық айқастың алдында салмақ өлшеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 жастағы қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Уәлихан Бисенқұлов Мәскеуде титулдық айқас алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарланды Вконтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында.

Бисенқұловтың қарсыласы – 25 жастағы Ресей өкілі Артуш Саркисян. Кездесу он раундқа жоспарланған. Боксшылар IBА нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы белбеуіне таласады.

Уәлихан соңғы рет рингке 27 ақпанда Ақтөбеде шықты. Онда үшінші раундта қырғызстандық боксшы Жыргалбек Чомоновты техникалық нокаутпен жеңген еді.

Соңғы жаңалықтар