Құрылысы ұзаққа созылған Шымкент әуежайына қатысты үкіметтік комиссия құрылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы әуежайының жұмыс істеуі мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссия құрамы жасақталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-Министрдің өкімімен үкіметтік комиссия құрамына мына лауазымдағы тұлғалар енді:

- Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, төраға;

- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, төрағаның орынбасары;

- Шымкент қаласының әкімі;

- Үкімет Аппараты Басшысының бірінші орынбасары;

- Төтенше жағдайлар вице-министрі;

- Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

- Ішкі істер министрінің орынбасары;

- Қорғаныс министрінің орынбасары;

- Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;

- Ұлттық экономика вице-министрі;

- Қаржы вице-министрі;

- Әділет вице-министрі;

- Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

- Бас прокурордың орынбасары (келісім бойынша);

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

- Үкімет Аппаратының Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің өңірлік инспекторы.

«Комиссия жұмысқа дереу кіріссін, мәселелерді шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін», - деп комиссияға міндет жүктелген Премьер-Министрдің өкімінде.

Еске салайық, 27 қаңтарда Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әуежай терминалын салып бітіруді тездетуді тапсырған еді. Сонымен қатар Премьер-Министр Шымкент әуежайының жағдайы халықаралық мәртебеге сәйкес келмейтінін айтып, жұмыстарды сынға алды.


Соңғы жаңалықтар