Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Құрылыста отандық материалдардың үлесі қай деңгейде болады

2019 жылғы 23 шілде 13:25
Бөлісіңіз:
Құрылыста отандық материалдардың үлесі қай деңгейде болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бюджеттік жобаларда отандық материалдардың үлесін 2022 жылға қарай 90 пайызға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сауда және интеграция министрлігі ведомствоның Қоғамдық кеңесін құруға кірісті Асқар Жұмағалиев Павлодардағы ХҚО жұмысымен танысты Рудныйда шығарылатын сүт өнімдері Ресейге экспортталмақ

«Өткен жылы қазақстандық қамту үлесін арттыру үшін нормативтік құқықтық актілерге барлық қажетті өзгерістер енгізілді. Отандық тауар өндірушілердің электрондық тізілімі жасалды, Жобалау-сметалық құжаттамада орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде материалдардың шығу тегін міндетті түрде көрсету бойынша талаптар енгізілді. Қабылданған нәтижелер бойынша бюджеттік жобаларда отандық материалдардың үлесін 2022 жылға қарай 90% - ға дейін ұлғайту жоспарлануда», - деді Жеңіс Қасымбек.

Бұдан бөлек ол Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына тоқталды.

«Бүгінде Арыс қаласын қалпына келтіру үшін барлық күштер жұмылдырылды. Қалпына келтіру жұмыстары жедел қарқынмен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау жоспарланып отыр», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT