16.05.2023 03:45 Жамбыл облысында 700 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарланған ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Биыл Жамбыл облысында 777,3 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.05.2023 17:57 Астанадағы №3 жылу-электр орталығының құны 36 млрд теңгеге қымбаттаған АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресей рублінің құбылуы Астанадағы №3 жылу-электр орталығының құнын 36 млрд теңгеге қымбаттатқан. Елорданың Жылу-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақов мәслихат депутаттарының сұрағына берген жауабында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.05.2023 17:27 Астанада -23 градустан төмендегенде жылу нысандарының қауқары жетпеген АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Астанадағы жылу нысандары температура -23 градустан төмендегенде халықты қажетті жылумен қамтамасыз етуге қауқарсыз болып шыққан. Бұл туралы қалалық Жылу-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.05.2023 10:42 Қылмыстық-атқару жүйесінің меншігіндегі 211 ғимарат апатты жағдайда тұр АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесінің меншігіндегі 1 694 ғимараттың 211-і апатты жағдайда тұр. Бұл мәселе «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көтерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.05.2023 03:30 Ел бойынша 225 полиция объектісін салу қажет – министрлік АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған ғимараттардың 50%-ы ХІХ-ХХ ғасырларда салынған, олардың 30%-ы қолданыстағы стандарттарға сай келмейді.
14.05.2023 07:30 Ақтөбеде су тасқыны кезінде баспанасы қирап қалған адамдар таяуда жаңа үйге қоныстанады АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Қобда ауданында 24 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі кезде мұнда төрт мердігер компания бір жобамен үй салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.05.2023 10:27 Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қала құрылысы саласында тиісті бақылау жоқ – Бас прокуратура АСТАНА. ҚазАқпарат – Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қала құрылысы саласында тиісті бақылау жоқ. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.05.2023 20:08 Елорданың шет аймақтарын дамыту: кейінгі 4 жылда 237 көшеге асфальт төселді АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы 4 жылда елорданың тұрғын алаптарында жүргізілген орташа жөндеу барысында 237 көшеге жалпы ұзындығы 80 шақырым болатын асфальт төселді. Бұл туралы бүгін бас шаһардың маслихатында баяндама жасаған Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Байырхан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.05.2023 15:52 Сенатор Жөргенбаев: ұлттық жоба аясында мектеп салу монополияланбауы керек АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша құрылыс және жобалау жұмыстарында проблемалар баршылық. Бұл туралы депутат Жанболат Жөргенбаев бүгінгі Сенаттың жалпы отырысында мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.05.2023 12:46 Алматыда метро құрылысына байланысты сатып алынатын жер учаскелерінің ақшасы қашан төленеді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Метро құрылысына байланысты сатып алынатын жер учаскелерінің ақшасы мамырдың соңына дейін төленеді. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы халқымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.05.2023 10:40 Алматының бір ауданында үш емдеу мекемесі салынады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Наурызбай ауданында 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен 1 дәрігерлік амбулатория салынады.
10.05.2023 16:56 Ақтауда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Ақтау аумағында заңсыз салынған тұрғын үйлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.05.2023 16:09 Астанада мұнара краны құлап, бір адам зардап шекті АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада салынып жатқан «Capital Park«тұрғын үй кешенінің құрылыс учаскесінде мұнара краны құлады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
08.05.2023 14:09 Елордада Толағай көшесімен көлік қозғалысы шектелді АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада жол жұмыстарына байланысты Толағай көшесінің бір бөлігі 5 күнге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «109» қызметіне сілтеме жасап.
08.05.2023 12:05 Астанада Мәңгілік ел даңғылындағы жол учаскесі бір айға жуық жабылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «109» қызметіне сілтеме жасап.
08.05.2023 11:33 Күзге дейін Алматыда бірқатар көше жөндеуге жабылады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 30 тамызға дейін бірнеше көше жылу желілерін қалпына келтіру үшін жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.05.2023 17:48 8-10 мамыр аралығында Астанадағы Қарталы көшесі жабылады АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жөндеу жұмысына байланысты Қарталы көшесінде көлік қозғалысына тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.
06.05.2023 16:04 Абай облысында 5 мердігер ұйым үйлерді сапасыз салған СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында үйлерді сапасыз салған 5 мердігер ұйым жауапқа тартылды. ҚазАқпарат бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
06.05.2023 12:05 Атырау облысында жемқорлардан алынған қаржыға 2 мектеп салынады АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жемқорлардан тәркіленген 6 млрд теңге екі мектептің құрылысына бағытталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
05.05.2023 18:28 Елордада сирек кездесетін өсімдіктерге қатысты жауапкершілік күшейтілді АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласын көгалдандыру және жасыл желекке бөлеудің жаңа қағидалары әзірленді. Бұл туралы Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.