24.05.2023 11:38 Жол-құрылыс материалдарының сапасын зертханада тексеруге деген сұраныс артқан АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жол-құрылыс материалдарының сапасы мен қасиеттерін зертханада тексеруге деген сұраныстың артқанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
23.05.2023 22:58 Жамбыл облысында үш жылда 12 мектеп салынады ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру аясында 2023-2025 жылдары облыста 9500 оқушыға арналған, құны 61 миллиард 165 миллион теңгені құрайтын жаңа форматтағы 12 мектеп салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 22:23 Таразда Президент резиденциясының орнына оқу-сауықтыру орталығы ашылады ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында орналасқан Президент резиденциясы әкімдік қарамағына беріліп, онда балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 20:41 Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы қанша болады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүру ақысы қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 15:27 Үлкен Алматы айналма жолы 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы осы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 14:56 Жамбыл облысында құрылыс нысандарына 22 млн теңге айыппұл салынды ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жыл басынан бері 47 құрылыс нысанына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 22 миллион 770 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.05.2023 09:52 Астанада екі көше жөндеуге жабылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада тағы екі көше жөндеуге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қалалық мониторинг орталығына сілтеме жасап.
23.05.2023 08:17 Үкімет Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі өңірлік жылу электр орталықтары мен басқа да жылу көздерін алдағы қысқа дайындау шеңберінде Көкшетау қаласындағы қазандықтарды өндеуге өз резервінен 1,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
23.05.2023 00:15 Алматыда 2040 жылға қарай бір емес, бес орталық болады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының жаңа бас жоспарына сәйкес, мегаполисте бір орталықтың орнына «Солтүстік», «Батыс», «Оңтүстік-батыс», «Шығыс қақпасы» және «Тарихи орталық» сияқты бес орталық пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2023 22:44 Жамбыл облысында 27 қойма салынады ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 2025 жылға дейін сыйымдылығы 61,3 мың тоннаны құрайтын 27 қойма салып, іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2023 16:00 Алматының бас жоспары: сарапшы кварталдық құрылыстың артықшылықтарын атады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Кварталдық құрылыс қаланың кез келген ауданындағы тұрғындар үшін қолайлы әлеуметтік ортаны құрайды. Оның арқасында тұрғын ғимараттар әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым объектілері мен демалыс аймақтарының жанында орналасатын болады.
22.05.2023 13:31 Үкімет Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті. Бұл туралы шаһар әкімдігінің баспасөз қызметінен, мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2023 13:16 Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу кестелеріне өзгеріс енгізілді АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Air Astana компаниясы 19 рейстің ұшу кестесін өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған авиакомпанияға сілтеме жасап.
22.05.2023 12:20 БҚО-да 73,7 млрд теңгеге жол жөндеу жүргізіледі ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 73,7 млрд теңгеге барлық маңыздағы 570 шақырымнан астам жолды жөндеу көзделуде. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.05.2023 10:24 Астанада жөндеуге байланысты үш көшеде жол жабылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада тағы үш көшеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
22.05.2023 08:11 «Тұрғындар айлап сусыз қалуда»: Үкіметте тозығы жеткен құбырлар мәселесі талқыланды АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенбі, 20 мамыр күні Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үйлестіру штабының отырысын өткізді. Онда елді мекендерді сумен қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
21.05.2023 18:27 Шымкентте үлкен саябақ салынып жатыр ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі Shymkenт City шағын ауданында жаңа саябақтың құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
20.05.2023 13:48 Бұқтырма арқылы өтетін көпір құрылысына тағы 15 млрд теңге қажет ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма арқылы өтетін көпір құрылысына тағы 15 млрд теңге қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.05.2023 10:57 ШҚО-да оқу жылы аяқталған соң 26 мектеп жөндеуден өтеді ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысында оқу жылы аяқталған соң 26 мектеп жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.05.2023 19:10 Астанада тағы екі көше жөндеуге жабылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ғұмар Қараш пен Біржан сал көшелерінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.