02.02.2023 14:15 Астанада LRT құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталады - Жеңіс Қасымбек АСТАНА. ҚазАқпарат - LRT жобасы келесі жылы аяқталады. Бұл туралы Хабар 24 арнасындағы «President» бағдарламасында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
02.02.2023 02:31 Атырау облысында өткен ғасырда салынған гидротехникалық нысандар тозған АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өткен ғасырда салынған гидротехникалық нысандардың тозуы 60 пайыздан асқан. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссияның отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31.01.2023 16:27 Тоқаев үйлер арасына кеңсе салуға рұқсат берген шенеуніктер жауапқа тартылатынын айтты АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік нысан, саябақ және ойын алаңының орнына зәулік кеңселер салуға рұқсат беріп жатқан лауазым иелері жемқорлыққа байланысты жауапқа тартылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.01.2023 16:18 Тоқаев ЭКСПО аумағы туралы: қаңырап бос жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елорданы дамытуға арналған кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңырап бос жатқан ЭКСПО көрмесінің аумағын жұрт жаппай демалатын орынға айналдыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.01.2023 11:14 Алматы облысында мердігер орындалмаған жұмысы үшін 180 млн теңге алған ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Монолит» ЖШС қатысты заңсыздықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.01.2023 12:34 ШҚО-да биыл 36 медициналық мекеменің құрылысы басталады ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 36 медициналық мекеменің құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 19:56 СҚО-да былтыр өндірісте жарақат алған 44 адамның алтауы қаза тапты ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өндірісте былтыр 38 жазатайым оқиға болса, 44 адам зардап шеккен, алтауы қайтыс болды. Мемлекеттік еңбек инспекторларының айтуынша, оның басым бөлігі шағын бизнес нысандарында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 15:48 Қай салада жұмысшы өлімі жиі тіркеледі АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин өндірістегі өлім қай салада жиі тіркелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 14:04 Әлихан Смайылов Шымкенттегі жаңа әуежай терминалын салып бітіруді тездетуді тапсырды АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жоспарланған бағдарламадан бөлек, бірінші кезекте қалалық әуежайдың жай-күйімен танысып, жаңа терминал құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
27.01.2023 09:35 Үкімет басшысы Шымкенттегі әлеуметтік нысандардың құрылысын тексермек АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
26.01.2023 20:41 Әлихан Смайылов деректерді өңдеу орталықтарын салуды тездетуді тапсырды АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елімізде деректерді өңдеу орталықтарын салу жұмысының баяу жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 19:44 Алматыда 2040 жылға қарай LRT, BRT метро желілері ұзарады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын әзірлеушілер қоғамдық көлікті дамыту перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 14:38 Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы қашан аяқталады АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
26.01.2023 14:14 Ерболат Досаев Алматыдағы ескі үйлерді бұзуға қатысты ұстанымын айтты АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде ескі панельді үйлерді бұзуға қатысты ұстанымын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 12:44 Алматы қаласының дизайн-код жобасы көктемде таныстырылады - әкім АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғынының ескі үйлердің қасбеттерін безендіруге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 12:31 Алматыдағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры күрделі жөндеуден өтеді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Н. Сац атындағы театр алдағы уақытта күрделі жөндеуден өтеді. Ол қаланың тарихи-мәдени мұрасы тізіміне енгізілді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 21:46 Қызылордада спорт кешенінің шатырын жауып жатқан бес адам жарақат алды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында жаңадан салынып жатқан спорт кешенінде шатыр жауып жатқан бес адам жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 20:53 Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспары қандай болады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда бас жоспарды қоғамдық талқылаудың алғашқы күні аяқталды. Басты мақсат - қаланың барлық ауданында жайлы орта құру және өмір сүру сапасын арттыру, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 19:34 Өскеменде 23 құрылыс компаниясы тұрғындарды үлескер болуға көндіріп, ақшасын алған ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 23 құрылыс компаниясы тұрғындарды үлескерлікке заңсыз тартқан. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиналыста айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 18:01 Алматының 2040 жылға дейінгі даму бағдарламасы таныстырылды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2040 жылға дейін Алматы қаласының жаңа бас жоспарын қоғамдық талқылау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.