Құрылыс секторында 637 мыңнан астам адам жұмыс істеп жүр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Құрылыс саласында 50 мыңнан астам компания қызмет атқарады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Шайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік әл-ауқат тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты, оны шешу мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып отыр. Сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, тұрғын үй құрылысы саласы Қазақстанның экономикалық өсуіндегі драйверлердің біріне айналып келеді. Бүгінде құрылыс секторында 637 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл ел экономикасының нақты секторындағы барлық жұмыспен қамтылғандардың шамамен 17,5 пайызын құрайды», - деді С. Шайдаров Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, осы салада 50 мыңнан астам компания қызмет атқарады, бұл - экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың жалпы санының 42 пайызы.

«Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысының белсенді дамуы 2021 жылы 2,4 трлн теңге инвестициялар тартуға мүмкіндік берді, бұл көрсеткіш 2020 жылғы деңгейден 19,1 пайызға артық. Қалыптасқан үрдіс жалпы ішкі өнімдегі құрылыстың үлесі 6 пайыздан астам деңгейді құрап, шикізаттық емес сала үшін

ең маңызды бағыттарының біріне айналды. Баспана құрылысы - халықтың тұрғын үйге ғана емес, жұмыс орындарына да қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, экономика өсімі мен іскерлік белсенділікті ынталандыратын мультипликативті әсер етеді», - деді сенатор.


Соңғы жаңалықтар