+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшіріледі

2019 жылғы 4 желтоқсан 13:36
Бөлісіңіз:
Құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді:

- бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу;

- объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;

- жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу.

Қазіргі таңда бұл қызметтер қағаз жүзінде іске асырылып, мынадай тетіктерді қарастырады:

«Қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комитет көрсететін мемлекеттік қызметтің екі түрі жыл соңына дейін электрондық форматқа көшіріліп, Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіле бастамақ. Бұл - бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу және жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу мемлекеттік қызметтері. Осылайша қызметкерлер мен қызмет алушылар арасындағы байланыста адами фактор жойылады. Қарастыру мерзімі 15 жұмыс күнінен 20-40 минутқа дейін қысқарады» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізіліп, ақпараттық жүйелердің техникалық даярлығы пысықталуда.

Сонымен бірге сараптамалық қызметтің өзін-өзі реттеу жүйесін енгізу (енгізу мерзімі - 2020 жыл) бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ол бойынша жеке сараптамалық ұйымдарды аккредиттеу мен жобалардың жеке сараптамасы бойынша сарапшыларды аттестаттау нарықтық ортаға беріледі. Аталған шара сараптама нарығы субъектілеріне кәсіби бақылау жүргізіп, сақтандыруды енгізу жолымен олардың жауапкершілігін күшейтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT