Құрылыс саласында импортталатын тауарлар отандық өніммен алмастырылады
2022 жылғы 18 қаңтар 10:49

Құрылыс саласында импортталатын тауарлар отандық өніммен алмастырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрылыс саласы бойынша импортталатын тауарлар отандық өніммен алмастырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұдан басқа, кешенді жоспар аясында жеңіл және жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындарының тоқтап тұрған әрі жұмыс істеп тұрған қуаттарын жүктеу бойынша талдау көзделген. Құрылыс саласы бойынша негізгі импортталатын тауарлар тізбесі талданып, 2025 жылға дейін іске асырылатын жаңа жобалар пулы қалыптастырылды», - деді Қ. Өскенбаев.

Осыған орай, жалпы инвестиция көлемі 986 млрд теңге болатын 146 жаңа жоба анықталды.

«Оның ішінде 35 жоба (600 млрд теңге) керамикалық және қасбеттік плиталар, жылу оқшаулағыш материалдар, ламинатталған ағаш жаңқылы тақта, санфаянс және ішкі есіктер сияқты тауарлар импортты алмастыруға бағытталған. Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру құрылыс материалдарының 10 түрі бойынша импортқа тәуелділікті 700 млн АҚШ долларына қысқартады, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген тауарлар бойынша Қазақстанның қажеттіліктерін толық жабады», - деді министр.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT