Құрылыс саласында демпинг ушығып тұр - Атамекен палатасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемі 3,5 трлн теңгені құрап отыр. Соның үштен бір бөлігі - 1,5 трлн теңгесі құрылыс саласына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді қараңыз, барлық жерлерде барлық құрылыс қауымдастықтары, барлық компаниялар қатты демпингке тап болып жатырмыз деп шағымдануда. Олардың айтуынша, бағаны 74 пайызға, теxникалық бақылау бойынша 99 пайызға түсіріп тастайды. Бұның барлығы әділ бәсекелестікке ғана емес, құрылыс нысандарының сапасына да кері әсерін тигізіп отыр. Біздіңше, баға демпингін күштеп шектеу керек. Мәселен, жобалық-сметалық құжаттар мен құрылыс-монтаждық жұмыстардың бағасын 5 пайыздың айналасында, ал теxникалық бақылауды 10 пайыздың шамасында белгілеген жөн», - деді «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов бүгін президиумның кеңейтілген мәжілісінде.

Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП президиумның кеңейтілген отырысына ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қатысуда. Мәжілісте кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы шаралар талқыланып жатыр. Осы саладағы өзекті мәселелер де пысықталуда.

Соңғы жаңалықтар