Құрылыс материалдары өндірісін дамытуымыз қажет – Талғат Ерғалиев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Отандық құрылыс материалдары өндірісін дамытуымыз қажет. Бұл туралы Қазақстанның Құрылысшылар одағы төралқасының төрағасы Талғат Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс материалдарының 60 пайызға жуығын шетелден тасып отырмыз. Сондықтан кез келген инвестициялық процес материалдардың құнына қатты әсер етеді. Осы себепті отандық құрылыс материалдары өндірісін дамытуымыз қажет. Бірақ, ол үшін нақты бағдарлама керек», - деді ол елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, еліміз құрылыс материалдарын негізінен Ресей, Германия, Түркия, Қытай және Ираннан сатып алып отыр. Ал республикада құрылысқа қажетті бетон, кірпіш және өңдеу материалдары шығарылады.

«Яғни, үйдің қаңқасына қолданылатын материалдарды өзіміз шығарамыз. Қалғанын өзге елдерден сатып алып отырмыз. Тіпті, ағаштың өзін Ресейден аламыз. Әрине, валюта бағамына байланысты құрылыс материалдарының қымбаттайтындығы да сөзсіз», - деді Талғат Ерғалиев.


Соңғы жаңалықтар