Құрылыс материалдары нарығындағы 5 компания бағаны төмендетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚАзАқпарат - 8 компания Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылыс материалдары бойынша хабарламасын орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат вдеомствоға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының құрылыс материалдары нарығында шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері барлық өңірдегі құрылыс материалдары нарықтарында бағаны көтерудің негізділігіне монополияға қарсы талдау жүргізуді жалғастырды.

29 шілдедегі жағдай бойынша құрылыс материалдары нарықтарының субъектілеріне бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 63 хабарлама жіберілді (оның ішінде 22-29 шілде аралығындағы кезеңде 6 жаңа хабарлама)», делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, жіберілген хабарламаның 16-сы кірпішке қатысты, арматура – 13, цемент – 17, бетон – 8, қиыршық тас – 2, полиэтилен құбырлары – 3, швеллер – 2, кабель – 1, шыны – 1.

Қазіргі уақытта 29 компания хабарламаны орындаған. Ал, 22-29 шілде аралығында 8 компания орындады, оның ішінде 5-уі бағаны төмендеткен.

«Павлодар облысында арматураға (»Фирма «Стальной союз» ЖШС, 397 220 теңгеден/тн 377 200 теңгеге/тн дейін, «КЅР Steel» ЖШС, 351 000 теңгеден/тн 320 120 теңгеге/тн дейін), Атырау облысында («УралМеталлИнвест» ЖШС орта есеппен 450 000 теңгеден/тн 418 500 тенгеге/тн дейін және «КазТемирКонтракт» ЖШС 471 201 теңгеден/тн 430 109 теңгеге/тн дейін).

Солтүстік Қазақстан облысында бетонға («Логика Строй Ресурс» ЖШС, қабырға блоктарының құнын 25 000 теңгеден/текше метр 23 000 теңгеге/текше метр дейін немесе 9 пайызға төмендетті», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар