+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Құрылыс материалдары алыпсатарлықтан қымбаттауы мүмкін – Серік Жұманғарин

2021 жылғы 10 маусым 14:32
Бөлісіңіз:
Құрылыс материалдары алыпсатарлықтан қымбаттауы мүмкін – Серік Жұманғарин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Қазақстанда құрылыс материалдарының қымбаттау себептерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Агенттік жүргізген баға мониторингіне сәйкес, зауыттан тұтынушыға дейінгі цемент құнының өсуі 25%-ды көрсеткен. Алдын ала ақпарат бойынша, бағаның негізгі өсуі көтерме-бөлшек бөлімінде байқалады. Бірқатар ірі өндіруші цемент сатуды тек өздерінің сауда және сату компаниялары арқылы жүргізеді. Қазақстан теміржол ақпараты бойынша, мамыр айында өткен жылмен салыстырғанда цемент тасымалдау көлемі 14%-дан астам (900 мың тонна) өскен. Бұл ретте магистральдық теміржол желісі тарифінің ұлғаюы цемент бағасының өсуі 5%-дан аспайтынына әсер етті. Цемент бағасының нақты өсуінің себептері байқалып отырған жоқ, Сондықтан, бағаның өсуіне байланысты басты назар көтерме-бөлшек саудаға аударылады», - деді С. Жұманғарин бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстан өзін цементпен 100% қамтамасыз етеді, цементтің 20%-дан астамы экспортталады.

«Кірпіш нарығында республика бойынша 88 негізгі өндіруші бар. Жергілікті нарықтарда, облыстардың шекараларында бірқатар қатысушылардың басымдығы орын алуда. Сонымен бірге, ішкі нарықтың 50%-ы керамикалық кірпішті импорттау арқылы қамтылады, ал біз өзімізді силикат кірпішпен қамтамасыз етеміз. Импорттың жоғары үлесін ескере отырып, керамикалық кірпішке бағаның ең жоғары өсуі байқалып отыр (30%), дегенмен Ресей Федерациясында керамикалық кірпіштің қымбаттауы 5-10% көрсеткен», - дейді спикер.

Республика бойынша арматура нарығында 5 өндіруші жұмыс істейді, олардың негізгілері – өндіріс қуаты 400 мың тонна Қарағандыдағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және Қостанайдағы «ЕвразКаспиан Сталь» ЖШС (450 мың тонна). Сонымен қатар, импорт 65% болғандықтан, нарық импортқа тәуелді. Арматураның әлемдік бағасы 70%-дан жоғары болып отыр.

«Сондай-ақ, полиэтилен құбырларына бағаның өсуі байқалады. Қазақстан бойынша орташа өсім – 10%, оның ішінде Ақмола облысында – 62%, Шымкент қаласында және Ақтөбе облысында – 19%, Қарағанды облысында-14% . Бұл ретте, Ақмола облысында «Қазинжиниринг» АҚ еншілес кәсіпорны «Тыныс» АҚ бағаны 62%-ға көтерген, ал шикізат бағасы 10%-дан аспаған. Аталған факті бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарылды.

Полиэтилен құбырларын өндіруге арналған шикізат толығымен импортталғанын атап өткен жөн (РФ). Сонымен қатар, Ресей Федерациясында полиэтилен шикізаті бағасы 10-15% қымбаттаған», - деп түсіндірді С. Жұманғарин.

«Осылайша біз ең алдымен, құрылыс материалдары бағасының алыпсатарлық өсуін көріп отырмыз. Осыған байланысты агенттік бағалық уағдаласудың анықталған белгілері бойынша әрекет ету шараларын қабылдайды», - деді агенттік төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT