Құрылыс құжаттарын әзірлеуге арналған шығыстар қысқартылады – Әлихан Смайылов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Инвестициялық жобаларға бөлінетін бюджеттік шығыстар 1,4 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың желтоқсанында өңірлердегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мониторинг жүйесі енгізіледі. Инвестициялар мен міндеттемелер арасындағы теңгерім, МЖӘ міндеттемелерінің лимитін және өтелуін бақылау, нәтижелілікті бақылау ескерілетін болады. Мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының шығыстарын қысқарту және қаражатын үнемдеу бағытында ревизия жүргізіледі. Талдау қорытындылары бойынша 402 млрд теңгеге 173 мемлекеттік тапсырманың ішінен жұмыстар мен қызметтер тізбесінен жалпы сомасы 38 млрд теңгеге 68 тапсырманы мемлекеттік сатып алуға ауыстыру жолымен алып тастау ұсынылады», - деді Ә. Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, инвестициялық жобаларға бөлінетін бюджеттік шығыстар 1,4 трлн теңгені құрады.

«Осы қаражатты тиімді пайдалану үшін үлгілік жобаларды міндетті түрде пайдалана отырып, құрылыс кезінде Жобалардың бірыңғай банкін құру ұсынылады. Бұл жобалау-сметалық құжаттама мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге арналған шығыстарды 30%-ке дейін немесе 13 млрд теңгеге, ал құрылыс мерзімін 6-9 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар