Құрылыс компаниясы үй салмақ болған көшені алматылықтарға қайтарып берді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда құрылыс компаниясы тұрғын үй кешенін салғысы келген көшені тұрғындарға қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Былтыр желтоқсанның басында Политехническая көшесінің жабылуы қоғамда резонанс тудырды.

«TUAR Invest» құрылыс салушының жобасы бойынша серіктестікке тиесілі бұл көшенің бір бөлігі жабылып, оған екі тұрғын үй кешені салынады деп жоспарланған болатын. Құрылыс салушы жобаны өзгертті, қазіргі уақытта көше ашық, компанияның жеке қаражаты есебінен жол бөлігі қалпына келтірілді. Ақпанның аяғына дейін жер телімі қаланың коммуналдық меншігіне беріледі», - деді Ерболат Досаев.

Былтыр әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Сейфуллин даңғылы мен Байтұрсынов көшесін байланыстыратын Политехническая көшесі жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы үшін жабылып жатыр деген ақпарат тараған болатын.


Соңғы жаңалықтар