+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Құрылыс компанияларына маман даярлауға тікелей атсалысу ұсынылды

2021 жылғы 24 қыркүйек 17:26
Бөлісіңіз:
Құрылыс компанияларына маман даярлауға тікелей атсалысу ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы «Адал білім» жобалық кеңсесінің сарапшысы Лилия Испенбетова Қазақстан құрылысшылар одағының отырысында білікті құрылысшыларды даярлау ісін жолға қою жөнінде ұсыныс айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жолайрықтар мен көшелерді ұзарту жұмыстары қашан аяқталады Ақтөбеде 8 өзеннің арнасын кеңейту жұмыс әлі тоқтап тұр Қарағанды облысында арнайы кокс өндіретін зауыттың құрылысы басталды

«Біз құрылыс компаниялары мен жоғары оқу орындарының, колледждердің арасында маман даярлау ісі бойынша өзара байланыстың жаңа тәсілін ұсынамыз. Бұл тәсіл бойынша құрылыс компаниялары оқу орындарына абитуриенттен дайын маман жасап шығару бойынша әлеуметтік тапсырыс береді. Іріктелген талапкерді ол білім алу үшін ЖОО мен колледждерге жібереді. Ол қажетті білімін алып, өзін оқуға жолдаған құрылыс компаниясына оралады», - деді сарапшы.

«Адал білім» жобалық кеңсесінің сарапшысы мұндай тәсіл құрылыс компанияларына өзі тапсырыспен дайындап жатқан маманға берілетін білімнің сапасын қадағалау мүмкіндігін беретінін айтады.

«Құрылыс компаниясы жоғары оқу орындары мен колледждер арқылы маманды өзі даярлайды. Сондай-ақ, студенттерге құырылыс саласы бойынша беріліп жүрген білім бағдарламаларын қайта қарау қажет. Әлі де болса біздегі білім бағдарламалары құрылыстың қазіргі талаптарына бағдарланбаған», - деп түйіндеді Лилия Испенбетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT