Құрылыс комитетінің басқарма басшысы жүйелі түрде пара алып келген - Ұлттық бюро

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы жүйелі түрде пара алып келген, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Фейсбуктегі ресми парақшасында.

«Ұлттық бюро қызметкерлері Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысының сыбайлас жемқорлыққа жол бергенін әшкереледі. Ол инженерлік желі жобасын сараптамадан өткізуге, сондай-ақ техникалық қадағалауды аккредиттеу туралы куәліктерді алуға рұқсат беру үшін мердігер ұйым директорынан бірнеше рет пара алған деген күдік ке ілінді. Параның жалпы сомасы 1,7 млн. теңгені құрады» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, бөлім басшысы қылмысты толық мойындауына байланысты қамауға алынбады.

Сонымен қатар, пара беру фактілері бойынша серіктестіктің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар