Құрылыс батальондарын құру мәселесі қаралған жоқ - ҚР Қорғаныс министрлігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі құрылыс батальондарын құру туралы мәселені қарастырып отырған жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпараттың» ресми сауалына аталған ведомстводан хабарлады.

«Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру Қарулы Күштердің жауынгерлік қуатын жасақтау мен қолдау үшін қажетті көлемде іске асырылады. ҚР Қорғаныс министрлігі бүгінгі жағдайда өзінің құрылымында құрылыс батальондарын құру туралы мәселені қарастырып отырған жоқ. Себебі, мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігінің кепілі ретінде Қарулы Күштерді дамыту бірінші кезекте әскерді кәсібилендіру мен жауынгерлік қабілетті әскерді қалыптастыруға бағытталған»,-делінген министрлік хатында.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова құрылыс балатьондарын қайта жаңғыртып, оған жұмыссыз жастарды бағыттау ұсынысын жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар