Құрылыс алаңына сәбиін тастап кеткен көкек ана баласын қайтарып алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда сәбиін тастап кеткен әйел баласын қайтарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылдың 26 маусым күні 21 жасар келіншек кешкісін 4-шағынаудандағы №24 орта мектеп жанында салынып жатқан коттеджге дүниеге келгеніне шамамен екі аптадай болған сәбиін тастап кеткен еді.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, содан бері Әлижан есімді ұл бала «Мейірім» бөбектер үйінде тәрбиеленді. Мұндай қадамға сәбилер үйін таба алмағандықтан, амалсыз барғанын айтып, жасаған ісіне өкінген анасы оған тұрақты барып тұрды. Құжаттарын да реттеді. Өткен жұма күні келіншек өз ұлын бөбектер үйінен алып кетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын сәбиін тастап кеткен әйелге қатысты үкім шығарылғанын жазған болатынбыз. Сот шешімімен кейін ол ата-аналық құқығынан да айырылып, биылғы 17 сәуірде қайта қалпына келтірілген еді.

Фото: mgorod.kz

Соңғы жаңалықтар