Құрылымдық және жүйелік реформаларды жалғастыру маңызды - Премьер-Министр

None
None
қпанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Одан әрі қарай жылжу үшін құрылымдық және жүйелік реформаларды жалғастыру маңызды. Бұл туралы бүгін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы 2,5 жылда біз қолма-қол басқару тәртібінде өмір сүрдік. Экономиканы қолма-қол басқару дағдарыс кезінде жақсы үрдіс. Осы кезең барысында біз аталған шараны істемесек, бізде үлкен проблемалар болар еді. Атап айтқанда, барлығы өз жолымен қалпына келеді деген мүмкіндіктер орындалмас еді», деп атап өтті Үкімет басшысы.

«Ал одан әрі қарай жылжу үшін құрылымдық және жүйелік реформаларды жалғастыру маңызды саналады. Бұл бағытта осы жүйе өзі әрі қарай жылжуға қауқарлы болуы үшін маңызды», деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысы осы тұрғыда мәселелерді тыңғылықты қарастыру қажет екенін айта келе, «Атап айтқанда, қажет саналатын шаралар құрамын ұсынуларыңыз қажет. Олардың бір бөлігі осы ведомствоға тікелей байланысты. Қалған бір бөлігі басқа салаларға арналған, яғни құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты», деді Премьер-Министр Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановқа қаратып айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар