Құрық портындағы мультимодальдық көлік хабының мүмкіндігі қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысында Мемлекет басшысының қатысуымен Құрық портындағы паром кешені мультимодальдық көлік хабының тұсаукесеріне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Салтанатты шараға мемлекеттік органдар, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Түркіменстан, Иран, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанның көлік-логистикалық компанияларының өкілдері, Қазақстан көлік саласының ардагерлері қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев Мемлекет басшысына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы Құрық порты паром кешені құрылысын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
null

Салтанатты шараға Өзбекстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов қатысып, Ұлы Жібек жолының жаңғырғанын, Транскаспий бағдарында тасымалдың өскенін тілге тиек етті.

null

COSCO компаниясы басқарушы директорының орынбасары Суйт Цзюн «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу - бір жол» бастамасы тоғысып, қос Мемлекет басшыларының тапсырмасымен орындалғанын атап өтті.
null
«Әзербайжан темір жолы» ЖАҚ басшысы Джавид Гурбановтың айтуынша, Құрық порты - Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы теміржолды дамытудағы технологиялық көпір болып саналады. Әзербайжан теміржолшылары қазақстандық әріптестерінің логистикалық іс-тәжірибесімен бөлісіп, теміржол мен теңіз көлігіндегі мультимодальдық шешімдерді бірге шығарады.
null
Тұсаукесер барысында Тәжен шекаралық кеден бекетінде автожолдың ашылу рәсімі өткізілді. «Қорғас-Шығыс қақпасы» Құрғақ портынан Құрық портына одан әрі қарай Транскаспий дәлізімен Италияға бет түзейтін тұрақты контейнерлік пойыз сапарға шықты.

Тұсаукесерге қатысушылар аталмыш оқиғаның Қазақстанның көлік логистикалық жүйесін дамытып, оны халықаралық жүк ағынына қосудағы маңызын жоғары бағалады. Бұл жол Құрық портын Транскаспий көлік дәлізімен Орта Азия елдерімен жалғастырады.

Соңғы он жылда Еуразиялық көлік дәлізін дамыту мақсатында көлік-логистика саласына 30 млрд доллар шамасында инвестиция құйылды. Жаңа инфрақұрылымды жасақтау және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, сонымен бірге IТ-инфрақұрылым жасалуда. 2020 жылы бұған 8,4 млрд доллар жұмсалады. Бұл Ұлы Жібек жолының жаңғыруына серпін береді.

Атап айтқанда, Құрық порты халықаралық көлік дәлізіне қосылды. Порт айдынына теміржол мен автожол магистральдары келіп кіреді. Теміржол паромы мен автокөлік кешені жылына 7 миллион тоннадан астам жүкті қабылдап, өткізеді. Порттың кедендік қызметі мен қызмет көрсету инфрақұрылымы көлік құралдарын 30-40 минутта өңдей алады. Құрық портындағы маңызды нысандар терминалдық -қоймалық инфрақұрылымды дамытады.

Бүгінгі таңда Еуразия нарығына құрлық арқылы 10-12 мың шақырымды 13-16 күнде өту мүмкін болды. Бұл өз кезегінде Қазақстан аумағында теміржол инфрақұрылымын пайдаланып, Азия мен Еуропа бағдарында тасымалдауға сұраныс өскендігін көрсетеді. Ол қарқын жылма-жыл еселеп көтеріліп келеді.

2014 жылы Қазақстан мен Қытай бірлесіп, Ляньюньган портында логистикалық терминал тұрғызды. Онда Қазақстанға бағытталып Орталық Азия мен Еуропаға шығатын Қытай және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің транзиттік жүк ағындары шоғырландырылды. Бұл бірлестік Қазақстан арқылы транзиттік жүктердің экспортқа, ғаламдық мұхиттарға тікелей шығуына мүмкіндік береді.

Транскаспий халықаралық көлік дәлізі - Еуразия көлік жүйесінің маңызды бөлігі. Транскаспий дәлізін дамыту үшін екі мың шақырымдық теміржол желісі салынды. Ол арқылы еліміздің Шығысы мен Батысы инфрақұрылымдық тізбекке жалғанды. Бұл – Жезқазған-Сексеуіл ең ұзын жаңа темір жол бағыты. Ол Қазақстанның өнеркәсіптік және шикізаттық кен орындарын Каспий порттарына тікелей жалғап, тағы бір темір жол желісі – Өзен-Болашақ Түркіменстанмен, одан әрі Парсы шығанағы елдерімен байланыстырады. 

Ақтау порты жаңғыртылды. Құрық портында жаңа мультимодальдық паром кешені тұрғызылды. Бұлар Қытайдан, Орталық Азия елдерінен, Ресейдің Орал-Сібір өңірінен келген жүктерді Транскаспий дәлізімен қосады.

Қазіргі таңда Қазақстанның Каспий теңізіндегі логистикалық тізбегі жылына 26 миллион тонна жүкті өткізе алады. Серіктес елдер өздерінің әлеуетін ұлғайтып, нысандарын жаңғыртуда.

null

Соңғы жаңалықтар