Құрық портындағы астық терминалы 80% дайын

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы Құрық портында астық терминалының құрылысы салынып жатыр. Қазіргі таңда 80-ға дайын. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қуаттылығы 1 млн тонна астық терминалы бір мезгілде 25 000 тонна дәнді дақылдарды сақтайды.

Электр желілері тартылып, теміржол құрылысы аяқталғаннан кейін 2023 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Жоба іске асса 30 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік болады. Астық терминалы облыс үшін өте маңызды» делінген баспасөз мәліметінде.

Айта кетейік, Құрық портында жүк тасымалы 2,5 есеге артқанын, сондай-ақ ол еркін экономикалық аймақтар тізіміне қосылуы мүмкін екенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар