Құрық порты еркін экономикалық аймақтар тізіміне қосылуы мүмкін

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы Құрық портында жүк тасымалы 2,5 есеге артты. Порт еркін экономикалық аймақтар тізіміне қосылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтау және Құрық портын еркін экономикалық аймаққа енгізу жөнінде министрліктермен біраз жұмыстар жүргізілген. Барлық тиісті құжаттар ұсынылды. Үкімет қарап жатыр. Біз де Парламент деңгейінде әрі қарай еркін аймаққа енгізу жөнінде ұсыныс жасап, көмектесуге жұмыстанамыз», - деді Маңғыстауға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серікбай Тұрымов.

Өзгеріс айлақтың әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек. Қазір портта 150-ден астам адам тұрақты жұмыс істейді. Биыл жүк тасымалы 2,5 есеге артқан.

Соңғы жаңалықтар