Курск шайқасының қатысушысы С.Боранқұлов көрсетіліп жатқан құрмет үшін алғыс білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник, танк жүргізушісі, Курск шайқасының майдангері Сейтқасым Боранқұлов көрсетіп жатқан құрметі үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

«Мен Елбасыға ардагерлерді ұмытпай құрмет көрсетіп, жаңа жылмен құттықтап жатқанына үлкен ризалығымды білдіргім келеді. Біз үлкен қуанышқа кенелдік. Мемлекет басшысының бұл бастамасы жас буынның патриоттық сезімін арттырып, тарихи санасының тереңдей түсуіне ықпал етпек», - деді ол ҚазАқпарат тілшісімен тілдесе отырып.

Ол сондай-ақ, күрделі экономикалық ахуал жағдайында мұндай қолдаудың ардагерлер үшін маңызы үлкен екендігін айтып өтті.

Сейітқасым Боранқұлов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің арқасында бұл күрделі сыннан да сүрінбей өтіп, Жеңістің 70 жылдығын дүркіретіп тойлайтынымызға сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар