Күршімдік еріктілер жалғызбасты қарттарға көмір алып берді – ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылының еріктілері жалғызбасты қарттарға көмір алып берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде Күршім ауданы бойынша 12 еріктілер тобы бар. Биылғы Волонтер жылында олар талай игі шараларды қолға алмақ. Бұл жайлы аудан әкімі аппаратының басшысы Асан Әбілмәжінов айтып берді.

«Қаңтар-ақпан айлары аралығында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында еріктілер барлық ауылдық округтерде қазыналы қарттарымыздың есіктерінің алдындағы қарды күреп берді. Жуықта Қалжыр ауылында волонтерлер өз қаражаттарына көмір алып, жалғызбасты зейнеткерлердің ауласына кіргізіп берді. 28 ақпан күні аудан жастарының ұйымдастыруымен қайырымдылық концерті өтіп, түскен қаражат аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде беріледі», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар