Күршім өзенінің ластануының жаңа фактілері анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жақында әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім өзенінің ластануы туралы бейнеролик тарады.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті жергілікті ІІБ және прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп оқиға орнына дереу барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күршім өзенінің арнасын Маралды ауылына қарай тексеру барысында өзеннің Киінсу өзені ағатын жерде (Маралды ауылынан шамамен 12-15 км) ластану фактісі тіркелді. Бұл ретте Күршім өзенінің суы Киінсу өзені ағатын жерден жоғарысы, таза. Осыған байланысты жедел топ Маралды ауылының маңында орналасқан «Маралихаголд» ЖШС бағалы металдарды барлау және өндіру орнын қарап шықты.

Жүргізілген тексеру 2-3 тұндырғышта кенді байыту кезінде бұрын пайдаланылған су жоқ екенін көрсетті. «Маралихаголд» ЖШС жұмысшыларының айтуынша, 14 қазанда өндірісте пайдаланылған су «Васильевский» бұлағына түскен. Васильевский бұлағының суы «Бугуль» бұлағына құяды, ол Киынсу өзеніне, ал ол өз кезегінде Күршім өзеніне құяды.

«Аталған факті АІІБ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Жиналған материал Экология департаменті мен Ертіс бассейндік инспекциясына жіберілді. Қабылданған шаралар туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар