Күршад Зорлу: Нұрсұлтан Назарбаев - түркі әлемінің Білге қағаны

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Түркиялық сарапшы, халықаралық шолушы, мемлекеттік басқару бойынша сарапшы Күршад Зорлу Нұрсұлтан Назарбаевты қазіргі заманғы түркі әлемінің Білге қағаны деп атады.

«Нұрсұлтан Назарбаев ел басқаруға келгелі Қазақстан экономика, сыртқы саясат, білім және ғылым жағынан беделді елге айналды. Бұл жетістікке Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі өлшеусіз. Мемлекеттің негізін қалаған азамат ретінде сізді барша түркі әлемі бағалайды. Сіз бір сөзіңізде былай деген едіңіз: «Біздің жастар тарихын білу керек. Сақтар, ғұндар, түркілерден бастап білуі керек». Бұл сөздеріңіз түрік жастары тарапынан жақсы қабылданып, әлеуметтік желіде миллион рет жарияланды. Өткен жылы Түркияда жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысына сәйкес, Түркияда ең танымал Көшбасшы сіз екенсіз. Біз сізді түркі қауымының Білге қағаны деп санаймыз», - деді Күршад Зорлу.

Оның айтуынша, жақында Елбасының 30 жылдық көшбасшылығы туралы жайлы жазылған кітапты жақында Түркия академиясы жарияламақ.

Айта кетейік, бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр.

Конференцияға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Соңғы жаңалықтар