Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.98 EUR 428.70
RUB 5.64 CNY 53.48
Жаңалықтар

Құрманғазы оркестрі «Қазақконцерт» ғимаратына көшті

2018 жылғы 17 мамыр 21:30 1110
Бөлісіңіз:
Құрманғазы оркестрі «Қазақконцерт» ғимаратына көшті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі» РМҚК Алматы қаласы қаласы Абылай хан даңғылындағы бұрынғы «Қазақконцерт» ғимаратына көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оркестр Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі №07-03-19/3562 бұйрығына сәйкес қоныс аударып отыр.

Осыған орай  бүгін Құрманғазы оркестрін салтанатты түрде «Қазақконцерт» ғимаратына көшіруге байланысты Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Ақтоты Райымқұлованың  қатысуымен оркестр ұжымы және зиялы қауым өкілдерімен жиын өтті.

«Мәдениет және спорт министрлігінің атынын оркестр ұжымын жаңа ғимаратымен құттықтаймыз. Бұл тарихи сәт «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында және күй атасы Құрманғазы бабамыздың 200 жылдық мерейтойына қарсаңына тұспа-тұс келіп отыр. Бұл мемлекетіміздің  мәдениет пен өнерге жасаған қарқорлығы.  Енді оркестр ұжымынан жоғары деңгейдегі шығармашылық жетістіктер күтеміз», - деді ол.

Өз кезегінде Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ізгі тілегін білдірді.

«Көптеген елдерде гастрольдік сапарда болдым. Оркестрдің жаңа ғимаратқа орналасуы оркестрдің өз тұғырына қонған сәті деп есептеймін. Қазақ өнерінің өркендеуіне, дәстүрінің бір сәтке толастамауына бәріміз қызмет етуіміз керек. Оркестр өзінің биігінен түспесін. Қазақ өнеріне осындай мүмкіндік жасап жатқан Мәдениет және спортминистрлігіне алғысымыз шексіз», - деді ол.

Сонымен бірге, оркестрдің көшуіне орай Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтынбек Қоразбаев та оркестр ұжымына сәтілік тіледі. Ал Құрманғазы оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов ұжым атынан Елбасына, Мәдениет және спорт министрліне алғысын айтты.

«Құрманғазы оркестрі еліміздің  кәсіби музыка тарихындағы тұңғыш оркестр. 1934 жылы академик Ахмет Жұбановтың бастауымен құрылды. Оркестр  тарихында Шамғон Қажығалиев, Нұрғиса Тілендиев, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Қаршыға Ахмедияров, Тұяқберді Шәмелов, Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев сынды елімізге белгілі өнер тұлғары қызмет етті. Бабаларымыздың жолымен  өнер ұжымы «Қазақконцерт» ғимаратына орналасып жатыр. Үлкен концерттік зал оркестр ұжымына тың серпіліс, шығармашылық даму алып келеді деген сенімдеміз. Ұлттық өнерімізге осындай жағдай жасап жатқан Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, қазақ өнерінің даму жолындағы еңбегіміз жемісті болсын», - деді Нұрғиса Дауешов.

Құрманғазы оркестрі «Қазақконцерт» ғимаратына көшті

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат