«Құрманғазы», «Исатай» мұнай айдау станцияларына электр қуаты берілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – «Құрманғазы» және «Исатай» мұнай айдау станцияларына электр қуаты берілді. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының ресми сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«29 шілде күні «КҚК-К» АҚ-ның «Құрманғазы» МАС мен «Исатай» МАС-ке электр қуаты берілді. Бұл мұнай құбыры нысандарын штаттық режимге шығаруға мүмкіндік берді», - делінген мәліметте.

Еске салайық, қолайсыз ауа райы жағдайынан электр желісінің 7 бағанасы құлап, салдарынан «КҚК-К» АҚ-ның өндіріс нысандары - «Құрманғазы» және «Исатай» мұнай айдау станциялары электр энергиясынан ажырап қалды. Стансалардың негізгі жабдығы резервтік көздерден қуат алуға көшірілді.

«Айта кетейік, қалпына келтіру жұмыстарына персонал мен «КҚК-К» АҚ мердігерлері дереу кірісті. Электр желілерін басқару бойынша «KEGOC» АҚ қазақстандық компаниясының апат бригадалары белсенді қатысты. Аталған компания дербес қордан 220 кВ бағаналар бөліп, оның шұғыл тиелуі мен жөнелтілуін ұйымдастырды...

Қазіргі уақытта Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры желісі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай жүк жөнелтушілердің өтінімдері толық көлемде қамтамасыз етіледі», - делінген компания сайтында.


Соңғы жаңалықтар