Құрманғазы ауданында заңсыз балық аулаушылар азаймай отыр - Атырау

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясымен шекаралас жатқан Құрманғазы ауданында балық қорына заңсыз қол сұғушылықпен күрес жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрманғазы ауданы полиция бөлімі қызметкерлері аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясымен бірге Теңіз округінде 102 келі балықты тәркіледі. Ұсақ балықтар мемлекеттік белгісі жоқ еш құжатсыз 2 мотоциклге тиелген 4 полиэтилен қапта болған. Заңсыз балық аулаумен айналысқан жергілікті тұрғындар 1967,1978,1983 жылы туған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабы 3 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінен.

Айта кетелік, жалпы жыл басынан бері ауданда тіркелмеген 6 мотокөлік тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар